Сот Жигули Дайрабаевтан заңсыз сатылған үйді қайтарып алды
Меркі ауылында заңсыз сатылған үйге қатысты сот Саит Рузиевтің талап арызын толығымен қанағаттандырды. Оның бұрынғы әйелі жалған құжатпен Меркідегі ортақ үйлерін Дайрабаевқа сатып жіберген деп хабарлады turkystan.kz.
«2021 жылғы 5 қарашадағы Фатима Рузиева мен Жигули Дайрабаевтың арасындағы сатып алу-сату мәмілесінің күші жойылды», – делінген хабарламада.
Жигули Дайрабаев 7 маусымда Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында өткен сот ісі бойынша жеңілді. Заңнамаға сәйкес үй бірлесіп сатып алынған мүлік ретінде танылды деп хабарлады Qazaqstan телеарнасы.
Бұған дейін Саит Рузиев 140 млн теңге тұратын үйді депутаттың заңсыз иеленгенін айтып, шағымданған болатын.