Спорт бағытындағы қазақы жылқы тұқымын көбейтуге 701 млн теңге қажет – депутат

0
42
Фото: gov.kz

Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне спорттық бағыттағы жылқылардың қазақы тұқымын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының таныстырылымы өтіп жатыр, деп хабарлайды Kazinform.

Заң жобасын таныстырған Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров құжатты палата депутаттары әзірлегенін атап өтті.

«Заң жобасы үш заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді. Ол – «Асылтұқымды мал шаруашылығы туралы», «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы, «Агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заңдар. Заң жобасында спорт бағытындағы жылқы шаруашылығына мемлекеттен қолдау көрсетуді көздейді. Қазіргі бағытта ет, сүт шығаратын өнім бағытындағы жылқы шаруашылығына ғана қолдау көрсетіледі», – дейді Айдарбек Қожаназров.

Заң жобасында асылтұқымды орталықтар мен шетелдік селекциядан спорт бағытындағы асылтұқымды айғырларды сатып алу, спорт бағытындағы жылқылардың қазақы тұқымының асылтұқымды аналық басын көбейту, асылтұқымды спорт бағытындағы жылқы ұстау шығындарын субсидиялау шаралары ұсынылған.

«Заң жобасын жүзеге асыруға жалпы 701 млн теңге қажет. Соның ішінде бес жыл сайын 140,2 млн теңге бөлінеді. Республика бюджет комиссиясының шешімі бойынша бұл ұсыныс қолдау тапты», – деді депутат.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ