Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

Астанада Олимпиадаға ұпай беретін халықаралық турнир өтеді

Фото: olympic.kz

Финалдық кезеңнің жеңімпазы Мадридте анықталады

Келесі жылдың 27 қаңтарында Астанада жеңіл атлетикаданьWorld Indoor Tour Gold турнирі өтеді.

Olympic.kz-тің хабарлауынша, алтын деңгейлі тур әлемнің жеті қаласында болады. Ал финалдық кезеңнің жеңімпазы 23 ақпанда Испанияның астанасы – Мадрид қаласында анықталады.

Астанадағы турнирде үздік атанған спортшылар Париж Олимпиадасына ұпай жинап, жеңімпаз атанған атлет Глазго қаласында өтетін жабық кешендегі әлем чемпионатына тікелей жолдама алады.

Халықаралық турнирге сырықпен секіруден әлем және Олимпиада чемпионы Арманд Дуплантис те қатысады.

Сәйкес жаңалықтар

«Чемпионы на льду»: мировые фигуристы устроили шоу в столице

Сильнейшие спортсмены по жамбы ату готовятся к 5-м Всемирным играм кочевников

Международный турнир PGL Astana 2026 стартовал в столице