НовостиСпортДзюдошы Фатима Сұпығалиева алтын медаль жеңіп алды 30.10.2025163 Қазақстандық дзюдошы Фатима Сұпығалиева Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер Азиадасының финалында жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Отандасымыз 52 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Фатима ақтық сында Милена Боруболотовамен (Қырғызстан) өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде, қазақстандық балуан иппон әдісімен жеңіске жетті.