Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ДуховностьСпорт

Көшпенділер ойындары: Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті

Фото: Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы

Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында аударыспақтан сынға түскен қазақ спортшысы Ермек Құралбай алтын медальға ие болды, деп хабарлады Halyq Uni.

Ұлттық және ат спорт түрлері орталығы баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті.

Аударыспақтан 60 келі салмақта өнер көрсеткен қазақ спортшысы Ермек Құралбай көшпенділер ойындарында жеңімпаз атанды.

Жақсы дайындықпен келдім. Финалдағы қарсыласым – былтыр ат үстіндегі күрестен 60 келіде чемпион болған еді. Ел намысын қорғап, бірінші орын аламыз деп үміттендім. Сенімді ақтағаныма қуаныштымын, – деді Ермек Құралбай.

Сондай-ақ дүбірлі додада 2-алтынды қазақ күресінен Айжан Жылқыбаева алды. Ол ақтық сайыста қырғыз палуаны Луиза Асакееваны жеңді.

Айта кетейік, «Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда өтіп жатқан аударыспақтан бәсекеге 9 мемлекеттен, 64 спортшы қатысып жатыр.

10 қыркүйекте қазақ палуандары Есімхан Рахматіллә, Сырым Ізбасаров және Біржан Қосалиев сынға түседі.

Сәйкес жаңалықтар

ИГРОКИ ФУТБОЛЬНОГО КЛУБА «КАЙСАР» ПРОГОЛОСОВАЛИ НА ВЫБОРАХ В КУРУЛТАЙ

Рыбакина прошла в третий круг турнира Miami Open

Юбилейная почтовая марка 5-х Всемирных игр кочевников торжественно погашена в Астане