Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

Шавкаттың қарындасы UFC-ге өту үшін жеңілмеген литвалық файтермен кездеседі

Шавкат Рахмоновтың қарындасы, қазақстандық спортшы Сора Рахмонова (4-1) UFC-ге жолдама алу үшін Dana White’s Contender Series іріктеу турнирінде дебют жасап, жеңіліп көрмеген литвалық Эрнеста Карецкайтемен (4-0-1) кездеседі деп хабарлады turkystan.kz. 

Турнир 26 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді.

Рахмонова соңғы жекпе-жегін мамыр айында Алматыда өткен Naiza FC 51 турнирінде Валерия Карыгинаға қарсы өткізген болатын. Ресейлік файтерді мерзімінен бұрын жеңгеннен кейін Сора UFC президенті Дана Уайтқа ұсыныс жасаған еді.

Ал Карецкайте соңғы рет қаңтарда Hexagone MMA 6 турнирінде жекпе-жек өткізіп, француз Летиция Блотты төрешілер шешімімен жеңді.

Сәйкес жаңалықтар

Дастан Сәтпаевқа «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы табысталды

zamandas69@mail.ru

Конкур – ол жылқының және шабандоздың кедергілерден өту қабілетін анықтайтын олимпиадалық спорт түрі

Ұлттық құраманың IX қысқы Азия ойындарындағы жарыс кестесі: 4 ақпан