Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарСпорт

2027 жылы Астанада УЕФА-ның 51-ші Конгресі өтеді

Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы УЕФА 51-ші Конгресі 2027 жылы 4 наурызда Қазақстан астанасында өтетінін ресми жариялады.

Бұл шешім Брюссельде өткен УЕФА-ның мерейтойлы 50-ші Конгресінде хабарланды. Конгреске Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Давид Лория қатысты.

УЕФА Конгресі – ұйымның ең жоғары басқарушы органы. Жыл сайын өтетін Конгреске 55 ұлттық қауымдастықтың өкілдері жиналады. Іс-шара аясында Еуропадағы футболдың стратегиялық дамуын айқындайтын негізгі шешімдер қабылданады, қаржылық және ұйымдастырушылық мәселелер бекітіледі, халықаралық жарыстарды өткізуге қатысты мәселелер қаралады, сондай-ақ УЕФА-ның басшы органдары сайланады.

Сәйкес жаңалықтар

Бір турнирден бес жолдама алу, бұл жаман көрсеткіш емес – Мырзағали Айтжанов

Министр 5G интернетін енгізу қашан аяқталатынын айтты

1 наурызда «Qazaqstan» телеарнасында партиялар пікірсайысы өтеді

zamandas69@mail.ru