Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
НовостиСпорт

Ақмола облысының шахматшысы әлем чемпионатына жолдама алды

Жезқазған қаласында 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында шахматтан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті,-деп хабарлайды zamandas.kz.

Қыздар арасындағы классикалық шахматта соңғы тур алдында Алматы қаласынан Мария Холявко мен Көкшетау қаласынан Жанбота Камарова 6,5 ұпаймен көш бастап тұрған еді. Соңғы турда екеуі де өз партияларын жеңіспен аяқтап, мүмкін болған 9 ұпайдың 7,5 ұпайын жинады. Бухгольц коэффициенті бойынша Жанбота Камарова Мария Холявкодан озып, бірінші орынды иеленді.

Бұл жеңіс ақмолалық шахматшыға алтын медаль ғана емес, сонымен қатар республикалық жарыстардың финалдық кезеңіне қатысу құқығын және Перуде өтетін әлем чемпионатына жолдама әкелді.

Сәйкес жаңалықтар

На сегодняшний день более 93% населения имеют доступ к электронным услугам через портал eGov

Свыше 4 тысяч общественных структур участвуют в укреплении межэтнических отношений

Цифровая общественная инфраструктура – это безопасная и совместимая система