Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

Аппеляциялық шағымнан кейін қазақстандық боксшы Азия чемпионы деп танылды

фото:instagram/boxingkazakhstan

Қазақстан бокс федерациясы 11 желтоқсан күні Чиангмайде (Таиланд) өткен Азия чемпионатының ерлер арасында 71 келі салмақ дәрежесіндегі финал бойынша IBA және ASBC ұйымдарына наразылық хат жолдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ресми хабарламада Абылайхан Жүсіпов пен Хавасбек Асадуллаев жекпе-жегінде өзбекстандық боксшы тарапынан спорттық ереже өрескел түрде бұзылғаны айтылады. Шаршы алаңдағы төреші Джована Угренович (Сербия) бұл сәтте ешқандай ескерту жасамағаны да сөз етіледі. Ал, Қазақстан тарапында ереже бұзылуына дәлел ретінде фото және видео материалдар да бар.

«Нәтижесінде IBA және ASBC ұйымдары осы салмақтағы ақтық сынды қайта қарастырып, келесі шешімге келді. 71 келіде Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы деп танылaды, ал өзбекстандық боксшы белгілі мерзімге жарыстардан шеттетіледі», – делінген Қазақстан бокс федерациясы хабарламасында.

Сәйкес жаңалықтар

Алматыда тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты басталды

zamandas_kz

Жәнібек қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді

zamandas_kz

Қарағандылық жас дзюдошылар Мысырдағы халықаралық турнирде жүлдегер атанды

zamandas_kz