Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ДуховностьСпорт

Астанада Көшпенділер ойындарының алғашқы жарысы өтіп жатыр

фото: Көшпенділер ойындарының баспасөз қызметі

Елордада Көшпенділер ойындарының алғашқы жарысы өтіп жатыр, деп хабарлайды zamandas.kz Halyq Uni. не сілтеме жасап.

«Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда спортшылар жамбы ату спорт түрінің мажар стилі бойынша алғашқы медальдарды сарапқа салады. Таңертеңнен бері әлемнің 30-ға жуық елінен келген шабандоздар іріктеуден өтіп жатыр, дейді ұйымдастырушылар.

Жамбы ату – ат үстіндегі дәстүрлі садақ ату спорты. Жарыстың бұл түріне 27 мемлекеттен 78 спортшы қатысып отыр. Қазақстан құрамасы сапында Айтбек Сарыбай, Ералхан Айкөз, Батыр Бексауыт, Абзал Тулыбеков өнер көрсетіп жатыр, – делінген ақпаратта.

Көшпенділер ойындарын Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан тікелей эфир арқылы тамашалауға болады.

Сәйкес жаңалықтар

Мендыбай ага преодолел 600-километровый рубеж: Балхаш принял эстафету «Құрылтайға жол»

Национальная сборная РК по кокпару активно готовится к 5-м Всемирным играм кочевников

Қазақстанда омбудсменнің құзыреті артады

zamandas69@mail.ru