Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпортҚоғам

Астанада сенбі күні шаңғыдан жарыс өтеді

Фото: iStock

Астанада 24 қаңтар күні жаппай шаңғы жарыстары ұйымдастырылады. Іс-шара Орталық саябақтағы шаңғы-роллер трассасында сағат 10:00-де басталады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Спорттық мереке аясында армрестлинг, гір тасын көтеру, арқан тарту және белдесу күресі бойынша жарыстар өтеді.

Негізгі бәсеке – шаңғы жарысы. Ол қыздар, ұлдар, ерлер мен әйелдер арасында 16 жас санаты бойынша ұйымдастырылады.

Қашықтықтар 500 метр, 1 және 2,5 шақырымды құрайды. Тіркеу сағат 10:00-де басталып, жалпы старт 11:00-де беріледі. Барлық жарыс түріне қатысу тегін.

Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен және қалалық спорттық іс-шараларды өткізу дирекциясының ұйымдастыруымен өтеді.

 

Сәйкес жаңалықтар

Батыр Жүкембаев бұрынғы әлем чемпионы Мохаммед Мимунды жеңді

Қазақстанның үш театрында қойылған «Щелкунчик» балеті 40 мыңнан астам көрермен жинады

Қазақстандық спортшылардың табандылығы мен еңбегінің көрінісі