Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
НовостиСпорт

Астаналық пара шахматшылар әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Үндістанның Гоа қаласында 19-29 шілде аралығында тірек қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасында классикалық шахматтан әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Халықаралық додада 18 елден келген 100-ге жуық спортшы бақ сынады. Қазақстан құрамасының сапында ел намысын қорғаған астаналық спортшылар – Бақытжан Майкенов пен Айғаным Қамбарова жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

Бақытжан Майкенов классикалық шахматтан күміс жүлдеге ие болды.

Айғаным Қамбарова блиц және рапид санаттары бойынша екі бірдей күміс медаль жеңіп алды.

Сәйкес жаңалықтар

В Казахстане на 100 железнодорожных вокзалах завершены строительно-монтажные работы

Unico Play представил данные о киноиндустрии Казахстана на Filmart в Гонконге

Глава государства заслушал первые итоги работы Комиссии по проверке Министерства обороны