Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Астаналық садақшылар әлемдік турнирде үздік атанды

Өзбекстанның Ташкент қаласында дәстүрлі садақ атудан Tashkent International Traditional Archery Competition халықаралық турнирі өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жарысқа Түркия, Малайзия, Кипр, Өзбекстан, Ресей және өзге де елдерді қоса алғанда жеті мемлекеттен келген спортшылар қатысып, Qalqon Target және Anor Target нысаналары бойынша бақ сынады.

Халықаралық додада Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен Астана қаласының спортшылары жекелей сындарда жоғары нәтиже көрсетті:

Ербол Тапенов – «Қалқан» нысанасы, 50 метр – 1-орын;
Айкөркем Батихан – «Қалқан» нысанасы – 2-орын;
Айкөркем Батихан – «Анор» нысанасы – 3-орын;
Диас Ахметов – «Қалқан» нысанасы, 50 метр – 3-орын.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болып, бас жүлдені жеңіп алды. Екінші орынды Өзбекстан құрамасы иеленсе, үшінші орын Қырғызстан спортшыларына бұйырды.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстанның дарынды оқушыларынан құралған ұлттық құрама ел намысын қорғайды

Копа көлі жағалауы «Жағалау» пайдалануға берілді

Ұшақ апатынан зардап шеккендерге қажетті зерттеп-қарау түрлері жүргізілді