Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Қазақстан балуандары Азия чемпионатында тағы үш медаль жеңіп алды

Фото: Olympic.kz
Қазақстан грек-рим күресінен Таиландтың Паттайя қаласында өтіп жатқан U20 жас санатындағы Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды.

Еркебұлан Анапия 82 келіге дейінгі салмақтың финалында Иран өкілі Алиреза Мохаммад Хоссейниден жеңіліп, жарысты күміс жүлдемен аяқтады.

60 келіге дейінгі салмақта Алпамыс Болатұлы қола жүлде үшін өткен белдесуде жапониялық Юсукэ Хиротаны тізе бүктірді.

97 келіге дейінгі салмақта Максим Украинцев қола медаль үшін өткен айқаста Қытай өкілі Синью Люді жеңді.

Сәйкес жаңалықтар

27 қаңтар – 2 ақпан аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесі

Бүгінгі игі іс-шара – Мемлекет басшыларының достық қарым-қатынасы мен екі ел арасындағы стратегиялық әріптестіктің жемісі

Зухра Иранзарова нысана көздеуден Азиада чемпионы атанды