Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарСпорт

Қазақстан құрамасы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында екі алтын медаль жеңіп алды

Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы аударыспақтан (эр эңиш) екі алтын медаль жеңіп алды.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нұрталап Керім финалдық белдесуде Қырғызстан спортшысынан басым түсіп, жарыс чемпионы атанды.

Ал 70 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Сайлау Мұхаммеджан да финалда қырғыз спортшысымен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл – Қазақстан құрамасының дүбірлі додадағы алғашқы алтын медальдары.

Аударыспақ – ат үстінде күш пен ептілікті, шапшаңдық пен батылдықты талап ететін қазақтың дәстүрлі ұлттық спорты. Бүгінде елімізде 11,5 мыңнан астам адам аударыспақпен тұрақты түрде шұғылданады.

Сәйкес жаңалықтар

Спорт және тәрбие арқылы – құқықтық мәдениетке: Атыраудағы ауқымды кездесудің қорытындысы  

Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласындағы Олимпиадалық стадионда U18 санаты бойынша жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасында Орталық Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. Халықаралық додаға Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдерінен 250-ге жуық спортшы қатысты. Жарыс барысында спортшылар жеңіл атлетиканың 39 дисциплинасы бойынша бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша Астана қаласының спортшысы Мұрат Нұрболсын 3000 метр қашықтықта жоғары нәтиже көрсетіп, чемпион атанды. Ол жарыстың алғашқы сәттерінен бастап көш бастап, мәреге дейін қарсыластарына еш мүмкіндік бермей, сенімді жеңіске жетті. Жас спортшы бұған дейін де республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғап келеді.

Қырғызстанмен шекарада карантиндік зиянкестер анықталған алхоры мен шие легін кіргізуге жол берілмеді