Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

Қазақстан қыздар құрамасы ватерполдан Азия чемпионатын жеңіспен бастады

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

. —  Филиппин елінің Нью-Кларк-Сити қаласында өтіп жатқан әртүрлі жас санатындағы XI Азия чемпионатында ватерполдан Қазақстан қыздар құрамасы жарысты жеңіспен бастады.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлағандай, алғашқы ойында отандастарымыз Шри-Ланкадан 43:4 есебімен басым түскен.

Су добы. Қыздар. 1-ойын. Қазақстан – Шри-Ланка 43:4

Қазақстан құрамасы салған гол авторлары:

10 – Дарина Сембек

6 – Анеля Алтыбасарова

5 – Алина Озкая, Яна Мартынова, Ангелина Лемачко

4 – Яна Смолина, Юлия Дружинина

2 – Аида Алпысбай

1 – Анфиса Журавлева, Ариадна Затыльникова

Қазақстан қыздар құрамасы ватерполдан Азия чемпионатын жеңіспен бастады
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Чемпионатқа 7 команда (Қазақстан, Жапония, Таиланд, Өзбекстан, Сингапур, Шри-Ланка, Қытай) қатысып жатыр. Олар айналмалы жүйе бойынша өзара бақ сынасып, ең көп ұпай жинаған құрамалар жүлдеге ие болады.

Сәйкес жаңалықтар

Юбилейная почтовая марка 5-х Всемирных игр кочевников торжественно погашена в Астане

Количество финансируемых государством видов спорта сократят в Казахстане

Команда Казахстана стала победителем турнира Asia Rugby Emirates Men’s Sevens Trophy 2025