Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

фото:ҰОК
Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Ақжол Құрманбек Қатардың Доха қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Оған 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде тең келер қарсылас болмады. Екі сайыстың жалпы қорытындысы бойынша Ақжол 316 (141+175) келі салмақты көтерді. Айта кету керек, ол серпе көтеруде және жалпы нәтиже бойынша әлем рекордын жаңартты.

Екінші орынды өзбекстандық Бобурмирзо Ёкубов иеленді – 300 (136+164) келі. Ал үшінші орын Түрікменстан спортшысы Дидарбек Жұмабаевқа бұйырды – 298 (127+171) келі.

Сәйкес жаңалықтар

Қорғаныс министрлігінің Орталық әскери оркестрі Есіл жағалауын әуенге бөледі

Қазақстанның жас сайлаушылар клубтары электоралдық мәдениетті жоғарылату бойынша өздерінің жобаларын алғаш рет таныстырды

«Әділет» партиясы партия Жарғысына енгізілген өзгерістер мен партия мүшелерінің жарна мөлшерін бекітті

zamandas69@mail.ru