Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

Әбиба Әбужақынова Астанада өтетін турнирге неге қатыспайтын болды

Әбиба Әбужақынова Астанада өтетін Qazagstan Barysy Grand Slam турниріне қатыспайтын болды деп хабарлады turkystan.kz.

Қазақстан дзюдо федерациясының мәліметі бойынша, спортшы медицина мамандарының ұсынысымен жарысқа қатыспайды. Өйткені Ташкенттегі әлем чемпионатында иығынан алған жарақаты толық жазылмаған.

«Жарақатымен күрессе, оны асқындырып алу қаупі болғандықтан, Әбибаны әлемдік жарысқа қатыстырмау туралы шешім қабылданды», – деді ведомстводан.

Сәйкес жаңалықтар

Тәжірибе мен жастықтың үйлесімі: Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атағын қайтарды

Қазақстанда Спорт күніне орай 250-ден астам спорттық іс-шара өтеді

Еркін күрес: Ерхан Бексұлтанов Азия чемпионы атанды