Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

Бокстан әйелдер құрамасы Олимпиадаға кезекті дайындығын бастады

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан әйелдер құрамасы Олимпиадаға кезекті дайындығын бастады.

Елдос Сайдалин жаттықтыратын құрама команда Алматы облысындағы Жанашыр ауылында жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Бұл жерде дайындық кезеңі 2 шілдеге дейін болады. Ал Олимпиада қарсаңындағы соңғы жиын да дәл осы базада ұйымдастырылады.

Қазақстан әйелдер командасы Олимпиялық ойындарға 3 лицензияны жеңіп алды. Бокстан лицензия басқа спорт түрлері сияқты құраманың басқа спортшысына таңдап берілмейді. Ол атаулы жолдама саналады. Яғни, жарыста лицензияны жеңіп алған боксшының өзіне ғана беріледі.

Биылғы Олимпиадаға жолдамаға Назым Қызайбай (50 келі), Карина Ибрагимова (57 келі) мен Валентина Хальзова (75 келі) ие болды.

Сәйкес жаңалықтар

Жаңкош Тұраров Алматыдағы сот орындаушысымен болған жанжалға қатысты жауап берді

zd_admin

Отбор на Всемирные игры кочевников по байге стартует в Павлодаре

Команда Казахстана стала победителем турнира Asia Rugby Emirates Men’s Sevens Trophy 2025