Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

Бокстан келесі әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді

Қыздар арасындағы бокстан әлем чемпионаты 2024 жылы Астанада өтеді деп хабарлайды turkystan.kz сайты.

Мұндай шешімді IBA Ташкентте өткен ресми отырыста қабылдады. Өтінішті Қазақстан бокс федерациясының халықаралық байланыс бойынша вице-президенті Азиз Қожамбетов ұсынды. Жарыс Астанадағы «Барыс Аренада» өтеді.

«Қазақстан сияқты мықты бокс елінің IBA-ның ірі турнирлерінің бірін өткізетініне қуаныштымын. Бұған дейін осындай дода Астанада 2016 жылы өткен, енді, міне, қайта оралғалы отыр. Мен тамаша чемпионатты асыға күтемін және алдағы жылы Астанада бас қосатын боксшыларды құттықтаймын», – деді IBA президенті Умар Кремлев.

Сәйкес жаңалықтар

Бас бапкер қазақ боксшыларын алда қандай жарыстар күтіп тұрғанын айтты

zamandas_kz

Қазақстанның ұлттық құрамасы Франция командасын 3:0 есебімен жеңді

zamandas_kz

Құсбегілер Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындалып жатыр

zamandas_kz