Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

Елдос Сметов – Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының қола жүлдегері! (ВИДЕО)

Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

Дзюдодан Астана өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Елдос Сметов қола жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Қазақстан дзюдо федерациясы.

Шешуші белдесуді отандасымыз Әзербайжан спортшысы Ахмад Юсифовті жеңді.

Енді Елдос Сметовқа үшінші орын үшін әлемдік рейтингте 500 ұпай қосылады.

Бүгін Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі басталған болатын. Ол Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында болып жатыр. Әлемдік доданың ережесі бойынша бірінші орын үшін 1 000, екінші орын үшін 700, ал үшінші орын үшін 500 ұпай есептелетін болады.

Олимпиадаға рейтингтік ұпай үлестретін соңғы Grand Slam 12 мамырға дейін жалғасады.

Сәйкес жаңалықтар

XIX Азия ойындары: Қазақстанның мергендері қола жүлде алды

Көкпардан Қазақстан құрамасы Өзбекстан құрамасынан басым түсті

Париж төріндегі қазақ төрешілері