Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарСпорт

Елордалық балуан қыз әлемдік бәсекеде қола медаль жеңіп алды

Албания астанасы Тирана қаласында өткен Muhamet Malo Ranking Tournament халықаралық жарысында әйелдер күресінен 76 келі салмақ дәрежесінде белдескен елордалық балуан Гүлмарал Еркебаева үздік үштік қатарынан көрінді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жұбаныш белдесуінде жерлесіміз Болгария өкілі Ванеса Георгиеваны 6:0 есебімен сенімді түрде жеңіп, қола жүлде үшін белдесуде Түркия спортшысы Эльмира Ясинді 7:0 есебімен айқын басымдықпен ұтты.

Осылайша, әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы командалық есепте көш бастады. Екінші сатыға Үндістан құрамасы жайғасса, АҚШ үздіктер үштігін түйіндеді.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақ баласы Үндістанда әлем чемпионы атанды

zamandas69@mail.ru

Біз мал шаруашылығын кәсіпорын дамуының стратегиялық бағыты ретінде қарастырамыз

«ДАУЫС» коалициясы Құрылтай сайлауы қарсаңында байқаушыларды даярлау жұмыстарын күшейтті