Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарСпорт

Елордалық пара спортшылар қол күрестен әлем чемпионы атанды

Үндістанның Нью-Дели қаласында пара қол күрестен әлем чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға әлемнің 25 елінен 500-ден астам спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Әлемдік додада ел намысын қорғаған Астана қаласының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, 2 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Атап айтқанда, Бекзат Бүркітов сол қолмен күрестен әлем чемпионы атанып, оң қолмен күрестен күміс медаль иеленді. Есенгелді Мақенай оң қолмен күрестен алтын медаль жеңіп алып, әлем чемпионы атанды.

Сондай-ақ Никита Ермаков сол қолмен күрестен күміс жүлдеге ие болса, Арыслан Әбдеханов сол және оң қолмен күрестен екі күміс медаль еншіледі. Ал Нұрлан Балтабай оң қолмен күрестен қола жүлдегер атанды.

Осылайша, елордалық спортшылар әлем чемпионатында барлығы 7 медаль жеңіп алып, халықаралық аренада жоғары шеберліктерін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Сәйкес жаңалықтар

Олжас Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Көшбасшы зор дауыс иесі емес, әрекет ететін, құлшындыратын және жетекшілік ететін адам

«Qyzyljar» командасы елордалық «Жеңіс» клубын 4:0 есебімен жеңіп, жанкүйерлерге керемет ойын сыйлады