Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарСпорт

Елордалық спортшы 17 жасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Әзербайжан астанасы Баку қаласында өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы күрес түрлерінен әлем чемпионатында елордалық спортшы Айша Әбдімәлік күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Әйелдер күресінен 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Астана қаласының спортшысы финалда Моңғолия өкілі Ариунзул Болдбаатармен белдесті. Қарсыласы – 2025 және 2026 жылдардағы U17 Азия чемпионаттарының қола жүлдегері.

Айта кетейік, финалға дейін Айша Әбдімәлік Венгрия, АҚШ, Молдова және Грекия спортшыларын жеңіп, жоғары деңгейдегі шеберлігін көрсетті.

Сәйкес жаңалықтар

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өтетін «Еңбекші жастар – 2025» фестиваліне шақырамыз!

zamandas69@mail.ru

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: 10 АЙДА ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ 6,6 МИЛЛИОННАН АСТАМ ШАҚЫРТУҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТТІ

Астанада жүздеген қала тұрғыны Олимпиада чемпиондарымен бірге «10 000 қадам» іс-шарасына қатысты