Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

Енді легионерлерге мемлекеттен қаржы бөлінбейді

Мәжіліс қабылдаған дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша заңға Қазақстан азаматтығы жоқ спортшыларды бюджет қаражаты есебінен және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландыруға тыйым салу туралы өзгеріс енгізілді. Осыған орай енді мемлекет легионерлерге қаржы бөлмейді. Бұл норма Президенттің мемлекеттік қаражатты тиімді пайдалану туралы тапсырмасын орындау мақсатымен әзірленді.

Бұл ретте дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелер ақылы қызмет көрсетуге және олардан түсетін кірісті бюджет заңнамасына сәйкес пайдалану мүмкіндігіне ие болады.

Спорт мекемелері іс-шараларды (спорттық жарыстар, семинарлар, кеңестер мен конференциялар) ұйымдастыру және өткізу мақсатымен халықты арнайы спорттық жабдықтармен, дене шынықтыру-сауықтыру және спорт объектілерімен қамтамасыз ету бойынша қызметтер, спорттық медицина саласындағы қызметтер арқылы табыс таба алады.

Фото: qazaqsporty.kz

Сәйкес жаңалықтар

Меңдібай аға Қаскелеңге жетті: мәреге дейін соңғы серпіліс қалды

zamandas_kz

Оралда волейболдан Қазақстан Кубогі өтіп жатыр

zamandas_kz

Жаттықтырушылардың жалақысы жүйелі түрде өсуде

zamandas_kz