Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Әлем чемпионаты: төрт қазақстандық боксшыға сыйақы берілді

фото:www.istockphoto.com

Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында 1/4 финалға дейін жеткен қазақстандық 4 боксшыға ақшалай сыйақы табысталды.

Жаһандық додада сайысқа түскен Жайна Шекербекова (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Жасмин Кизатова (66 келі) және Надежда Рябец (75 келі) осындай марапатқа ие болды. Сыйақының көлемі – 10 мың доллар.

Жарыс ережесіне сәйкес, әлем чемпионы болған былғары қолғап шеберлеріне – 100 мың, екінші орынға – 50 мың, үшінші орынға – 25 мың доллар беріледі.

Бүгін, 16 наурызда қазақстандық боксшылар арасынан финалда Назым Қызайбай (48 келі), Алуа Балқыбекова (50 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі) және Елдана Тәліпова (81 келіден жоғары) бақ сынайды.

Сәйкес жаңалықтар

Әділет органдарын цифрландыру – бүгінде құқықтық жүйені реформалаудың негізгі бағыттарының бірі және заң үстемдігін қамтамасыз етудің маңызды құралы.

zamandas69@mail.ru

Бейжіңде Ұлттық домбыра күні аталып өтті

Мемлекет басшысы энергетика саласы қызметкерлерін марапаттады