Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

Пара спортшылар Парижге аттанды

фото: Туризм және спорт министрлігі

XVII жазғы Паралимпиадаға қатысатын спортшыларымыздың алғашқы легі Парижге аттанды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Бүгін волейболды отырып ойнау, пара үстел теннисі және пара жүзу құрамаларының спортшылары Францияға жол тартты, деп мәлімдеді Туризм және спорт министрлігі.

Париж Паралимпиадасына волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама 28 жылдан кейін алғаш рет қатыспақ. Ал пара үстел теннисінен Қазақстан құрамасы биыл алғаш рет Паралимпиада жолдамасын жеңіп алды.

Пара жүзу спортшылары арасында Лондон-2012 Паралимпиада чемпионы Зүлфия Ғабидуллина, Токио Паралимпиадасының қола жүлдегері Нұрдәулет Жұмағали және халықаралық жарыстардың жүлдегерлері Сиязбек Дәлиев пен Амир Мұратбеков бар.

Қазақстан құрамасының спортшылары Париж Паралимпиадасына спорттың 9 түрінен 33 лицензия жеңіп алды. Жарыс 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстан полицейі халықаралық чемпионатта күміс медаль жеңіп алды

Біз олардың жетістіктерін мақтан етеміз

Морозов UFC-дегі келесі жекпе-жегін қашан өткізетінін айтты

zd_admin