Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықРуханиятСпорт

Президент V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық жөнінде кеңес өткізді

 Фото: t.me/aqorda_resmi
Президент V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық жөнінде кеңес өткізді,- деп хабарлайды zamandas.kz

 — Жиында Ұлттық құраманың, спорт кешендердің, қонақ үйлер мен мәдениет орындарының дайындық барысы, сондай-ақ қоғамдық көлік, қауіпсіздік және тазалық мәселелері пысықталды.

Мемлекет басшысы Көшпенділер ойындары ұлттық спорт түрлері бойынша өткізілетін әлемдегі ең ірі жарыс екенін атап өтіп, оны жоғары деңгейде ұйымдастыру, халқымыздың терең тарихы мен мәдениетін, қонақжайлылығын көрсету, меймандар мен спортшыларға қажетті жағдай жасау маңызды екеніне назар аударды.

Кеңесте Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу, Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Ішкі істер министрі Ержан Сәденов, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова баяндама жасады

Сәйкес жаңалықтар

Алматы түні: тұрғындардың зәресі ұшып, күштік құрылымдар тікесінен тік тұрды

zamandas_kz

Талдықорғанда «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында «BookSwap Fest: Кітаппен достас» акциясы өтті

zamandas_kz

Геральдист мамандар тапшы

zamandas_kz