Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
СпортОбщество

«Үздік спорт журналисі» байқауына өтінімдер қабылдау басталды

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті 2024 жылдың 1 желтоқсанына дейін спорт тақырыбына маманданған БАҚ өкілдері арасында белгілі қаламгер, көрнекті көсемсөз шебері, қазақ спорт журналистикасының негізін қалаушы Сейдахмет Бердіқұлов атындағы дәстүрлі байқауға материалдар қабылдау басталғанын хабарлайды.

Конкурс жыл сайын желтоқсан айының екінші жартысында үш номинация бойынша өткізіледі:

1. «Үздік спорттық телевизиялық репортаж»;
2. «Үздік спорттық жарияланым»;
3. «Үздік спорттық фоторепортаж».

Өтініштер мен мақалалар Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 8 үй, 6 қабат, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметіне немесе sportpress86@mail.ru электрондық поштасы арқылы («2024 жылғы С. Бердіқұлов атындағы байқауға» деген белгімен) қабылданады.

🔺Қабылдау мерзімі – 2024 жылдың 1 желтоқсанына дейін.

Сәйкес жаңалықтар

В преддверии Дня независимости более 500 семей обрели новые дома

zamandas69@mail.ru

Правительство выделило порядка 4,9 млрд тенге на реконструкцию тепломагистралей в ЗКО

У каждой площадки свой вопрос: партии продолжают разговор с жителями регионов