Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
НовостиСпорт

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Президент Qazaqstan Barysy Grand Slam дзюдодан халықаралық рейтинг турниріне барды.

Турнирді Мемлекет басшысымен бірге Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визер, Олимпиада чемпионы Елдос Сметов тамашалады.

Биыл бұл бәсекеге әлемнің 46 елінен үздік шыққан 358 спортшы қатысуда.

Қазақстандық дзюдошылар арасынан Ғұсман Қырғызбаев (-66 келі) пен Талғат Орынбасар (-60 келі) күміс, ал Мағжан Шамшадин (-60 келі), Аман Бақытжан (-60 келі), Есет Қуанов (-73 келі) және Абылайхан Жұбаназар (-81 келі) қола жүлде жеңіп алды.

Еске сала кетейік, Астанада осымен Grand Slam әлемдік сериясының жарыстары үшінші мәрте өтіп жатыр.

t.me/aqorda_resmi

Сәйкес жаңалықтар

Инновационный реабилитационный экзоскелет выходит на рынок

В Алматы стартовал третий фестиваль Евразийского альянса горных курортов

Казахстан задает цифровую повестку: Саудовская Аравия объявила Год искусственного интеллекта