Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ГлавнаяНовостиСпорт

Қырғызстан мен Өзбекстан елдерінің спорт басшылары Астанаға келді

«Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турниріне қатысу үшін Астанаға Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Дене шынықтыру және спорт мемлекеттік агенттігінің директоры Урмат Асанбаев, Қырғыз Республикасының құрметті азаматы, профессор Хабибула Файзулаұлы Анарқұлов және Өзбекстан Республикасының спорт министрі Адхам Ильхамұлы Икрамов келді.

Құрметті меймандарды Астана халықаралық әуежайында Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев қарсы алып, қазақ халқының қонақжайлығын танытатын ықылас білдірілді.

Шетелдік делегациялар Астанада 29 шілде мен 9 тамыз аралығында өтетін «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық мультиспорттық турнирінің ашылуы мен ресми жиындарына қатысады.

Айта кетейік, бұл байрақты бәсекеде 35 елден келген 800 спортшы сегіз дисциплина бойынша бақ сынайды.

Сәйкес жаңалықтар

В селе Бесколь на севере Казахстана строят пятиэтажный дом

zamandas69@mail.ru

В Казахстане возобновил работу Информационный штаб независимых наблюдателей

Олжас Бектенов поручил продолжить работу горячих линий для реагирования на возможные вопросы граждан по восстановлению жилья