Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
НовостиСпорт

Жарыс жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар оң бағасын берді

Елорданың теннис орталығында – Астана әкімдігінің «Дәулет» спорт кешенінде Virtus теннисінкн әлем чемпионатының финалдық кездесулері мен жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бұл Қазақстан мен Азияда өткен Virtus теннисінен тұңғыш әлем чемпионаты болды. Чемпионат ақыл-ойы бұзылған спортшыларға арналған негізгі халықаралық жарыстардың бірі болып саналады.

Жарыс 5-10 мамыр аралығында өтті. Жарысқа Бельгия, Аустралия, Польша, Италия, Ұлыбритания, Үндістан және Франция елдерінен 50-ден астам спортшы келді. Қазақстан атынан Астана, Алматы және Ақкөл қалаларынан 7 спортшы қатысты.

Қатысушылар үш номинация (жеке, жұптық, командалық) бойынша бақ сынады:
II1 – дамуы жеңіл тежелген спортшылар;
II2 – Даун синдромы бар спортшылар;
II3 – аутизм спектрі бұзылған спортшылар.

«Бұл чемпионат АСБ (аутизм спектрінің бұзылуы) бар балаларды тәрбиелеп отырған көптеген отбасыларға үміт берді. Бұл біздің 2022 жылы ақыл-ойы бұзылған адамдарға арналған Спорт федерациясын құрудағы басты мақсатымыз болды. Қазақстанда қазірдің өзінде тірек-қозғалыс аппараты бұзылған спортшыларға, сондай-ақ есту қабілеті нашар адамдарға арналған пара және сурдо спорт түрлері бар. Бұл жарыс жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар оң бағасын берді», — деп атап өтті Зияткерлік мүгедектер спорты федерациясының президенті Дина Темірғалиева.

 

 

 

 

Сәйкес жаңалықтар

Итоги Генеральной Ассамблеи FEI: Казахстан утверждён страной проведения международных соревнований в 2026 году

zd_admin

Миссия СНГ отметила системную подготовку Казахстана к выборам в Курултай

От политики помощи к политике возможностей: Аида Балаева о подходе государства к социальной сфере

zamandas69@mail.ru