Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Новости

Түркістан қаласының туризмін дамытудың кешенді жоспары даярланады

Фото: pixabay
Түркістанға сапарлайтын әуе рейстері артады — министрлік

Түркістан қаласының туризмін дамытудың бөлек кешенді жоспарын даярланады. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев мәлім етті

— Түркістанда туризмді дамытуға кедергі болған себептердің бірі – ол халықаралық әрі ішкі әуе рейстердің жетіспеуі. Бірақ соған қарамастан, 2024 жылдың қорытындысы бойынша 2023 жылмен салыстырғанда шетелден келген туристердің саны 2 есе көбейді. Қазір еліміздің әуе паркіне 16 жаңа ұшақ қосылайын деп жатыр. Сондықтан Көлік министрлігімен бірлесе жұмыс істеп, Түркістанға келетін рейстердің санын көбейтуге тырысамыз, — деді Ержан Еркінбаев сенаторлардың сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында үш өңірдегі туризмді дамытудың кешенді жоспарлары қабылданып жатыр.

— Түркістанның ерекше мәртебесін ескере отырып, аталған үш кешенді жоспармен шектелмей, Түркістан қаласының туризмін дамытудың бөлек кешенді жоспарын даярлап, бекітуді әуімдікпен келістік. Осы орайда салааралық мәселелер мен іс-шаралар жоспарға енгізіледі, — деді вице-министр.

Сәйкес жаңалықтар

В распространяемых публикациях осуществляется намеренная подмена понятий – ответственность может наступать не за кормление, а только за последствия конкретных действий

zamandas69@mail.ru

На крупнейшей мировой кинологической выставке он будет представлять Казахстан и национальное достояние нашей страны казахскую тазы.

Цель площадки — передача опыта от старшего поколения духовных лидеров