Түркия ШЫҰ толық мүшесі болуды жоспарлап отыр

0
151
Фото: Анадолы агенттігі

 — Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған НАТО мүше мемлекеттері басшыларының саммитінен кейінгі баспасөз мәслихатында осындай мәлімдеме жасады. Бұл жайында Президент сөзінен тікелей трансляция жасаған TRT Haber хабарлады.

Сөз басында Мемлекет басшысы терроризмге қарсы күресте одақтастар арасындағы ынтымақтастықты нығайту қажеттігін атап өтті.

Оның айтуынша, Түркия НАТО-ға қауіп төндіретін екі негізгі қауіптің бірі — терроризммен күресте одақтастарынан ниеттестік күтеді.

«Бұл одақ туралы заңда да талап етілген», — деді ол.

Ердоған Израильдің Палестина халқына қарсы үздіксіз агрессиясына назар аударды. Оның айтуынша, Палестинада жан-жақты және тұрақты бейбітшілік орнамайынша Түркия НАТО-ның Израильмен ынтымақтастық бастамаларын мақұлдамайды.

Сөзін аяқтай келе Ердоған Түркияның Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына толық мүше болуды көздеп отырғанын тілге тиек етті.

«Енді Түркия Шанхай Ынтымақтастық ұйымына толық мүше ретінде қосылуы керек. Мен тұрақты мүшелерден осы мәселе бойынша қолдау сұрадым», — деді Түркия көшбасшысы.

Еске сала кетейік, осы айдың басында Астанада өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 24-ші саммитіне Режеп Тайип Ердоған серіктес елдің басшысы ретінде қатысқан болатын.

Ердоған Түркия терроризмге қарсы күресте ШЫҰ-мен диалогты дамытуға мүдделі екенін баса айтты. Оның атап өтуінше, осындай терроризм актілерінің салдарынан миллиондаған адам босқынға айналды. Тек Түркияның өзінде 4 млн босқын бар.

«Атажұртымыз — Орталық Азия елдерімен әр салада ортақ пайда негізіндегі ынтымақтастықты дамытуға дайынбыз әрі мүдделіміз. ШЫҰ Азия елдерімен диалог орнатуға өте ыңғайлы платформалардың бірі екенін атап өткім келеді», — деді ол.

Осы жиында Ердоған Ресей Президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізді.


Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 656

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 657

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 658

ПІКІР ҚАЛДЫРУ