Тараз әкімінің экс-орынбасары Грузияда ұсталды

0
197

Бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталған Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Грузияда ұсталып, елге экстрадицияланды деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

«Грузияның Әділет министрлігі лауазымдық құзыретін асыра пайдаланғаны және 50 млн теңгеден астам бюджет қаражатын ысырап қылғаны үшін күдікті деп танылған Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасарын ұстап беру туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуын қанағаттандырды.

Күдікті қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық қудалау органынан бойтасалаған, сондықтан оған қатысты халықаралық іздеу жарияланған.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде іздеуде жүрген тұлға Грузияда анықталып, ұсталды.

Грузиялық әріпестермен арадағы тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде бүгін Бас прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапқа тарту үшін Қазақстанға жеткізді», – делінген хабарламада.

Қәзіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Жоғарыда көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін оған 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ