Тарихымыздың «алтын» дәуірін зерттеуге кірісті

0
247

Елімізде осыдан дәл бір жыл бұрын Жошы ұлысын ғылыми-зерт­теу институты ашылған-ды. Осы уақыт аралығында төл тарихымыздың бетбұрысты кезеңдерін зерттеудің бағыт-бағдарын анықтап үлгерген орталық жұмысында жаңалық көп.

 

Орталық директоры, тарихшы Жақсылық Сәбитовтің айтуынша, Алтын Орда мен оның ізашары Қазақ хандығының тарихы  Қазақстан тарихы ғылымының ең маңызды кезеңі саналады. Сәйкесінше   Жошы ұлысын ғылыми-зерт­теу институты да XIII-XIX ғасыр аралығында­ғы Қазақстан тарихын жан-жақты зерттеуді мақсат етеді.  Шағатай ұлысынан басталып Ке­несары дәуіріне дейін жалғасатын бұл кезең тұтас 6 ғасырды қамтиды. Осы аралықта қазіргі Қазақстан жерінде Шағатай мен Қайду ұлысы және  Моғолстан сынды мемлекеттік құрылымдар болған. Өкініштісі тарихшыларымыз осы ұлыстардың тарихын көп зерттемеген. Тәуелсіздік алған 30 жылда да бұл тақырып тарихшы-ғалымдардың назарынан тыс қалды. Қазір орталықтың ғылыми ұжымы отандық тарихтың дәл осы ақтаңдақ тұсын зерттеуге кіріскен екен.

Институтта жаңадан табылған мәлі­мет­термен жұмыс істейтін әрі араб, пар­сы, қытай, моңғол, түркі тілде­рінен аударатын аудармашылар бар. Сондай-ақ ғылыми материалдар, монография, энциклопедия жаза­тындар тарихшылар, аударма жи­нақтарына сараптама жасайтын мамандар да жеткілікті,  дейді орталық директоры Жақсылық Сәбитов.

Оның айтуынша 6,5 ғасырды қамтитын тарихи кезеңді қамтитын дәуір жайындағы көне еңбектерден алынған ғылыми еңбек 1969 жылы жарық көрген екен.  «XV–XVIII ғасырлардағы Қазақ хандығының тарихы жөніндегі материалдар. (Пар­сы жәні түркі еңбектерінен алынған)» атты еңбекті баспадан шығару тобына тарихшы Вениамин  Юдин жетекшілік етіпті. Дәл осы Юдиннің басшылығымен Қазақ хандығы тарихы мате­риалдарының екінші томын шығару үшін  аударылуы керек еңбектердің тізімі дайындалған көрінеді. Бүгінге дейін 20 еңбектен тұратын осы тізімдегі материалдардың бар болғаны төрт-бесеуі ғана аударылыпты.

Орталық ұжымының  алдында аударылуы тиіс көне еңбектерге қатысты ауқымды міндеттер тұр. Бұл қатарға  ортағасырлық «Муизз әл-Ансаб» атты көне еңбекті де жатқызамыз. Аталған еңбекте  қазақ ханда­ры­ның генеологиясы берілген. Қызығы сол «Муизз әл-Ансаб» хандарымыздың генеологиясы бар жалғыз дерекөз. Соның 5 тізімі бүгінге  дейін сақталған.

Шынын айтқанда дәл осы еңбек Қазақ хандығының шығу тарихына  қатысты өте құнды мәліметтер ұсына алады. Сол мәліметтер негізінде біз ұзақ жылдан бері дауға айналған  «Қазақ хандығы қайдан шықты?» деген сұрақтың нақты жауабын береміз,  дейді ғалым.

Орталық директоры шетелден келетін құнды құжаттардың ортақ каталогын әзірлеуді ұсынады. Сол каталог арқылы тарихшы ғалымдар  осы қолжазбаларды аударуға атсалысып, ғылыми жұ­мыстарда пікір айта алады. Бұл әсіресе тарихымыздың 6,5 ғасырлық тарихына қатысты деректерді негіздеуді қолға алған Жошы ұлысын зерттеу институтының жұмысына тың серпін берері сөзсіз.

Өз кезегінде Мәдениет және спорт министрлігінің кезекті жиынында министр Асхат Оралов шетелден әкелінген құнды құжаттардың ортақ деректер базасын құры үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өткен еді. Былтырдың өзінде өзге елдердің архивінен шетелден елімізге 7 мыңға жуық құнды құжат қайтырылғанын екен.  Отандық ғалымдар 14 мемлекетке іздестіру-зерттеу жұмыстарымен барып, тарих ғылымы үшін тың дереккөзіне айналатын  445 фотосурет пен 206 кітап және сирек қолжазбаны тапқан. Бұл деректер хронологиялық тұрғыда 1 мың жылды  қамтиды.

Қазақстандық ғалымдар 2025 жылға дейін  шетелге тағы бірнеше экспедиция жасамақ

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

  • «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына Қызылорда облысының жастары белсенді қатысуда