Тасқыннан бүлінген үйлердің орнына қандай баспана салынады – Құрылыс министрлігі түсінік берді

0
83
Фото: Halyq Uni
Бүгінде ведомство үйдің эскиздік жоспарын әзірлеген

Қазақстанда су тасқынынан бүлінген үйлердің орнына ауданы 80 шаршы метр болатын 3 бөлмелі үйлер салынуы мүмкін. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми өкілі Меруерт Ибраева айтты,

Ол кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа табиғи апаттан зардап шеккен қазақстандықтардың тұрғын үйін қалпына келтіру туралы тапсырма бергенін еске салды. Оның аясында министрлікте жедел штаб құрылып, жаңа тұрғын үй салуды көздейтін кешенді іс-қимыл жоспары әзірленген.

Жоспар аясында тұрғын үйлердің эскиздік жоспары әзірленді. Біріншісі – 80 шаршы метр болатын 3 бөлмелі жеке тұрғын үй, екіншісі – жалпы ауданы 160 шаршы метр болатын 2 пәтерлі тұрғын үй. Әзірленген тұрғын үйлердің алдын ала жобасы мемлекеттік сараптамадан өтеді, – деді Меруерт Ибраева ОКҚ-да өткен брифингте.

Бұл барлық өңірде типтік-жобалық құжаттама негізінде жұмыс жүргізуді қамтамасыз етеді.

Жұмыс келесі аптаның соңына дейін аяқталып, мемлекеттік сараптаманың қорытындысы epsd.kz cайтында көпшіліктің назарына ұсынылады, – деді ресми өкіл.

Сонымен қатар, ол қалпына келтіру жұмысының көлемін анықтау үшін су тасқынынан зардап шеккен үйлерді әкімдіктердің техникалық тексеруі маңызды екенін жеткізді.

Бүгінде әкімдіктер келтірілген залал мен шығын көлемін есептеп жатыр. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі қалпына келтіру жұмысы барысынан халықты үнемі хабардар етіп отырады, – деді Меруерт Ибраева.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ