ТМД миссиясы сайлаудағы байқау нәтижелерін жариялады

0
86

ТМД атынан байқаушылар миссиясы Мәжіліс депутаттарын сайлауға дайындық және өткізу барысына жүргізген қадағалау жұмыстарының нәтижесін жариялады.

“Сайлау барысын ТМД мииссиясының 196 байқаушысы қадағалады. Оның ішінде 10 байқаушы ұзақ мерзімді негізде жұмыс істеді. Олар сайлауды ұйымдастырушылармен өзара іс-қимыл жасап, ведомстволардан қажетті ақпараттарды алды. Миссия республика бойынша халықаралық байқаушылардың қызметіне қажетті жағдай жасалғанына толық көз жеткізді. Орталық сайлау комиссиясы сайлауға дайындық пен оны өткізу кезінде кәсіби ұйымдастырушылық деңгейін көрсетті”, – деп атап өтті ТМД атынан байқаушылар миссиясының басшысы Леонид Анфимов.

Оның сөзінше, саяси додада бәсекелестіктің жоғары болғаны – тіркелген жаңа партиялар мен өзін ұсынған кандидаттар қатарының көп болуына байланысты.

“Миссия Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тіркеу заңнама талаптарына сәйкес жүргізілді деп есептейді. ТМД байқаушыларының пікірінше, барлық тіркелген саяси партиялардың сайлау науқанына қатысуы және бір мандатты округтер бойынша ұсынылатын кандидаттар санына шектеудің болмауы оны бәсекелестік пен ашықтық жағдайында өткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді”, – деп миссияның жұмыс қорытындысын жариялады Леонид Анфимов.

ТМД байқаушылары 832 сайлау учаскесіне барып, қадағалау жүргізген. Нәтижесінде аталған миссия байқаушылары елімізде өткен Мәжіліс сайлауы барлық заң талаптарына сай өткенін жариялады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ