Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ГлавнаяПолитикаИнтересные истории

Тоқаев Жамбыл облысына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

Сапар барысында Қазақстан Президенті иммунобиологиялық препараттардың биофармацевтикалық зауытына барып, QazVac коронавирусына қарсы вакцина дайындау процесімен танысады.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы әлеуметтік нысандарды аралап, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың өңірдегі әлеуметтік-экономикалық ахуал туралы баяндамасын тыңдайды.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барған болатын.

Сәйкес жаңалықтар

МОЛОДЕЖНАЯ ДИСКУССИЯ: КОНСТИТУЦИОННАЯ РЕФОРМА – ОСНОВА ДОЛГОСРОЧНОГО РАЗВИТИЯ СТРАНЫ

Что мировые СМИ пишут о конституционной реформе в Казахстане

Гибель детей в ходе военных операций – это не просто трагедия