Украиндық қыз Гиннестің рекордтар кітабына енді

0
16
Фото: Instagram/aliia_more

 – Украиндық Алия Насырова жер басып жүрген әйелдер арасындағы ең ұзын шаштың иесі ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Бұл туралы кітаптың сайтында хабарланды. Бойы 165 см болатын қыздың шаш ұзындығы 257,33 см екен.

Алия итальяндық «Lo Show dei Record» бағдарламасының эфирінде көпшілікке таныстырылды. Онда ол бала кезден шашының тек ұштарын ғана кескенін айтты.

Алия қазір Словакияда тұрады. Ол суретші және графикалық иллюстратор, сонымен қатар модель болып жұмыс істейді. Сонымен қатар YouTube арнасында блог жүргізеді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ