Утилизациялық алым өзгеріссіз қалады – Қанат Шарлапаев

0
182
Қанат Шарлапаев, фото: Halyq Uni

Бүгін Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев утилизациялық алымды азайту мәселесіне қатысты Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиевтің сұрағын жауапсыз қалдырды. Алайда Өнеркәсіп және құрылыс министрі депутаттың сауалынан «құтылғанымен», Мәжіліс отырысынан шыққан соң журналистердің сұрағынан жалтара алмады.

Қанат Шарлапаев журналистерге Қазақстанда утильалымы өзгеріссіз қалатынын мәлімдеді.

Қазіргі таңда утилизациялық алымға қатысты ешқандай өзгеріс жасамаймыз. Мен – Өнеркәсіп және құрылыс министрімін. Менің жұмысым, кәсіпорындарды дамыту және олардың қуатын арттыру, — деді Қанат Шарлапаев.

Оның айтуынша, елімізде көлік өндірісі дамып жатыр. Сондықтан ішкі нарықты қорғау керек.

«Қазір Қазақстанда 2 көлік зауытын салып жатырмыз. Көлік өндірісі саласында қаншама адам жұмыс істейді. Қазіргі текетірес неге байланысты? KIA көліктерін шығаратын зауытты 2025 жылдың ортасында салуды аяқтаймыз. Алматы қаласының маңында қуаты 90 мың көлік өндіруге жететін тағы бір зауытты салып жатырмыз. Ондағы жұмыс орнын кім сақтайды? Мен депутаттарға осы сұрақты қойғанмын. Сіз көліктің бағасын басқа елдермен салыстырыңызшы. Түркияда және тағы басқа елдерде көліктің бағасы (елімізбен салыстырғарғанда) жоғары немесе тең. Сондықтан Қазақстандағы зауыттардың жұмысын қамтамасыз ету үшін және жаңа жұмыс орындарының сақталуы үшін бізге протекционизм жасауымыз керек деп ойлаймын», — деді министр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз