Вице-министр сауда орталықтарындағы Wi-Fi сапасын сынады

0
175
Фото: Pixabay

– Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек интернет сапасы туралы пікір білдірді.

«Елдегі интернет сапасы қашан жақсарады? Қазіргі сапасына өз көңіліңіз тола ма?» — деп сұрады БАҚ өкілі Сенат отырысынан кейінгі брифингіде.

Асхат Оразбек ондай мәселенің бар екенін мойындай отырып, қоғамдық орындардағы интернет сапасына ойысып кетті.

«2027 жылға дейін мерзім берілген. Мен де сіздер сияқты байланыс проблемасына тап келемін. Мен мынандай проблеманы байқадым. Қоғамдық тамақтану орындарында немесе ірі сауда орталықтарында орындарында Wi-Fi желілері сонша сапалы салынбаған. Біздің келесі қадамымыз осы бағытта болу керек деп ойлаймын. Бүгін Сенат мақұлдаған заң жобасы аясында ірі сауда ойын-сауық орталықтары мен бизнес орталықтарын Wi-fi желісін орнатуға міндеттейміз. Яғни, байланысты оптикалық-талшықты желісі тартылып, Wi-fi болуы керек және мұны қадағалаймыз. Бұл баршаға жайлы болады деп ойлаймын. Дәмханаға немесе сауда орталығына кіргенде сапалы интернет болуы керек», — деді ол.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ