Яссауи қабіржапқышының эскизі әзірленеді

0
92
Фото: Максат Шагырбай / Kazinform

 – Яссауи қабіржапқышының түпнұсқасын қалпына келтіру мүмкін емес. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінен мәлім етті.

«Болжаммен 1450-1550 жылдары жасалған қабіржапқыш бүгінде Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының қорында сақталуда. Қабіржапқыштың түпнұсқасы оның сақталу деңгейін ескере отырып, қалпына келтіруге жатпайды. Себебі, ол қатаң ерекше температуралық, ылғалдық тиісті режимді жағдайда, күн көзінен және тағы басқа зиян келтіретін факторлардан тыс ортада консервацияланған күйде сақтауды қажет етеді», – делінген министрліктің агенттік сауалына берген жауабында.

Ведомствоның атап өтуінше, мұндай шешім отандық, шетелдік ғалымдардың (Э. Гюль – Өзбекстан, Р. Гасан –Түркия, Н. Крупа – Украина) ұсыныстары мен ұстанымдары негізінде қабылданған.

«Оны қалпына келтіру үшін жүргізілетін жұмыстар қабіржапқышқа орны толмас зиян тигізуі ықтимал. Алдағы уақытта ғалымдар мен мамандардың күшімен қабіржапқыштың эскизі әзірленіп, ол эскиз келешекте жаңа қабіржапқыш әзірлеу мүмкіндігі туындап жатқан жағдайда қолданылатын болады», – деді миинстрліктен.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында қасиетті Түркістандағы Ясауи қабірінде көптен бері арнайы жапқыш жоқ екендігін айтқан болатын.

«Талай заманнан келе жатқан көне жапқышты қалпына келтіру жұмысы біраз жыл бұрын басталып, аяқсыз қалған. Мен құзырлы мемлекеттік органға осы құнды мұраны тезірек сапалы жөндеуден өткізіп, тарихи орнына қайтаруды тапсырамын», – деген еді Президент.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ