Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЗаң мен тәртіп

ІІМ 4 млрд теңгеден астам қаржыға алаяқтық жасады деген күдіктіні ұстады

Елорда полицейлері халықаралық іздеуде жүрген 45 жастағы ер адамды Шымкент қаласында ұстады.

Тергеу барысында күдіктінің бір топ адаммен бірге азаматтардың сеніміне кіріп, алдау жолымен Астанада көпқабатты тұрғын үй кешенін салуға қаражат тартқаны анықталды. Алайда құрылыс жұмыстары қажетті рұқсат құжаттарынсыз және мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысынсыз жүргізілген. Қылмыстық іс аясында 292 үлескердің зардап шеккені анықталды. Келтірілген жалпы шығын көлемі 4 млрд теңгеден асады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында ер адамның ұзақ уақыт бойы Шымкент қаласында жасырынып жүргені белгілі болды. Ол ізін жасыру мақсатында жалдамалы пәтерлерін жиі ауыстырып отырған.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстан, Әзербайжан, Түркия және Қырғызстанмен электрондық рұқсат бланкілерін іске қосты

Тарбағатай – табиғаттың аманаты, болашақтың байлығы!

Барлық этностардың мүддесін қамтитын Халық кеңесіне конституциялық негіз беру стратегиялық тұрғыдан маңызды – Жанарбек Әшімжан