Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

Қырғызстандықтар жақын туыстарымен бірге өз елдеріне жол тартты

29 желтоқсан күні Ақтау маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккен қырғызстандық үш азамат – Осмонов Тилек, Эрлан Джунушуалиев және күні кеше жансақтау бөлімінен шыққан Асанов Ринат Ақтауға келген жақын туыстарымен бірге өз елдеріне жол тартты.

Оларға Маңғыстау облыстық ауруханасында тиісті медициналық көмек көрсетілді. Бүгінде үш азаматтың да жағдайы тұрақты.

Зардап шеккендерді әуежайдан шығарып салуға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев қатысты.

Қазіргі уақытта Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының жансақтау бөлімінде ұшақ апатынан зардап шеккен үш әзірбайжандық азамат ем қабылдауда.

Айта кетейік, апат себебін анықтау мақсатында Ақтауда Үкіметтік комиссия жұмысын жалғастыруда.

Сәйкес жаңалықтар

Ғалымдар жусан тозаңына қарсы аллергияға арналған препаратты зерттеудің II кезеңін бастады

Елімізде сиыр еті экспортына квота енгізіледі

zamandas69@mail.ru

Ермұрат Бапи: Маған сенім артқан халықтан басқа ЕШІМНІҢ АЛДЫНДА жауап беруге міндетті емеспін!