Қызылорда облысында жоғалып кеткен қыздың денесі табылды

0
92

фото:egemen.kz

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қыз арықтағы суға батып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Іздестіру жұмыстары кезінде екі дрон пайдаланылды. Бүгін сағат 13:00 шамасында қыздың мәйіті «Үбіс» арығынан табылды. Мәйіттің денесінде зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қыз суға батып кеткен. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалды», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 7 жастағы қыз 6 тамыз күні кешкі уақытта үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Ата-анасы мен туыстары қызды өздері табуға тырысқан. Алайда іздеу нәтиже бермеген соң полицияға жүгінген. Хабарлама түскен сәттен бастап полиция қызметкерлері дереу іздеуге кірісті. Жоғалған қызды іздеуге Қармақшы аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы, ТЖД, аудан әкімдігінің қызметкерлері, еріктілер, жалпы 60-тан астам адам жұмылдырылды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ