Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ГлавнаяНовости

ҚЫЗЫЛОРДАДА «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖАСТАР ЕҢБЕК ЖАСАҒЫНЫҢ ЖАҢА МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін Қызылорда қаласындағы «Қорқыт ата» мемориалды аллеясында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының кезекті еңбек маусымының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Ашылу салтанатына облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов, жастар ұйымдарының өкілдері, еріктілер, еңбек жасақтарының сарбаздары және белсенді жастар қатысты.

Салтанатты жиында басқарма басшысы жастарды жаңа еңбек маусымының басталуымен құттықтап, «Жасыл ел» жобасының қоғамдағы маңызы мен тәрбиелік мәніне ерекше тоқталды.

Сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғау, туған жерді таза ұстау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында жастармен тұшымды ой-пікірлерімен бөлісті.

«Жасыл ел» – бұл тек маусымдық жұмыс немесе уақытша еңбек алаңы ғана емес. Бұл – жастардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, еңбекқорлық пен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыратын маңызды қоғамдық бастама.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Тазалық – өркениетті қоғамның айнасы, дамуға ұмтылған кез келген елдің мызғымас ұстанымы. Ақ пейілмен, түзу ниетпен қолға алған әрбір іс берекелі болады» деп атап өткен болатын.
Бүгінде «Жасыл ел» сарбаздары қажетті арнайы киімдермен, құрал-жабдықтармен және еңбекке қажетті барлық жабдықтармен толық қамтамасыз етілуде.
Бұл – жастардың қауіпсіз әрі нәтижелі еңбек етуіне жасалған нақты қолдау. Сіздерді туған жеріміздің гүлденуі жолында аянбай еңбек етуге, табиғатты аялауға, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға және қоғамдық тазалық мәдениетін қалыптастыруға шақырамын», – деді Руслан Мұхамедәліұлы.

Шара барысында жастарға арнайы еңбек құралдары мен қажетті жабдықтар табысталды.

Сонымен қатар, еңбек жасақтарының мүшелері «Қорқыт ата» мемориалды аллеясы аумағында тазалық жұмыстарын жүргізіп, абаттандыру ісіне белсенді атсалысты.

Сондай-ақ, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасына белсенді қатысып жүрген бірқатар жастар облыс әкімінің арнайы «Алғыс хаттарымен» марапатталды.

Айта кету қажет, «Жасыл ел» жобасы жастарды маусымдық жұмыспен қамтып қана қоймай, оларды еңбекке баулу, туған жерге жанашырлықпен қарау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында маңызды рөл атқарып келеді.

Бүгінде бұл бастама жастардың қоғамдық белсенділігін арттырып, ел дамуына өз үлесін қосатын маңызды әлеуметтік жобаға айналды.

#тазаҚазақстан
#тазаҚызылорда

Сәйкес жаңалықтар

В ТУРКЕСТАНЕ ЗАПУЩЕН ХЛОПКОВЫЙ АГРОПРОМЫШЛЕННЫЙ КОМПЛЕКС ПО ПРОИЗВОДСТВУ ТЕКСТИЛЯ ПОЛНОГО ЦИКЛА

Минсельхоз дал прогноз развития саранчовых по Казахстану на 2023 год

zamandas69@mail.ru

Депутат Айдос Сарым: Глава государства – не просто инициатор, а ключевой разработчик нового Основного закона