Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Шоу-бизнес

Қызымның арқасында осы ән өмірге келді

Фото: инстаграм жеке парақшасынан
Танымал әнші, сазгер Мархаба Сәби шығармашылығындағы соңғы жаңалықтарын айтты.

Өнер иесі “1001 түн” бағдарламасында қонақ болып, шабыттың үстінде жүргенін жасырмады.

“Қазір әлеуметтік желіде екі әнім қатар таралып жатыр. Екі әнді жариялағанда арасында бір ай ғана уақыт өтті. Алайда “Демалам” әнін осыдан бір жыл бұрын шығарғанмын. Кейбір әндер осылай ұзақ піседі. Ұзақ жатып қалады. Бұл әнде көп күттіріп, жарыққа шықты. Қайырмасын шығарып, шумақтарын пісіруге ұзақ уақыт кетуі мүмкін”, – деді сазгер.

Сондай-ақ әнші шабытты қызынан алатынын жасырмады. “Қыз-бозбала” әнінің шығуына қызы себепкер болған көрінеді.

“Қыз-бозбала” әні бірден шықты. Мені бұл әнге шабыттандырған – қызым. Менің музам да – қызым. Кейде қызымның шабыты ұстаса, “Мама, жүрші ән айтып берейінші” дейтіні бар. Жаздың кезінде далаға шығып бір ән айтып берді. Осы сәтте шабыттанып, қызымның арқасында осы ән өмірге келді”, – деді Мархаба Сәби.

Сәйкес жаңалықтар

«Әйел бәріне көну керек…»: Алтынай Жорабаеваның жазбасы оқырманды ойландырып қойды

Келінге бүкіл жағдайды жасамау керек

«Жігіт болған соң серуен-сейіл болады»: Роза Әлқожа ұлы мен бауырының ұсталуына қатысты ойын айтты