Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Ұзақ қашықтықтағы жеңіс – болашақта біздің басты ерекшелігіміз болмақ

Қостанай облысының Қамысты ауданында Жеңістің 80 жылдығына арналған ат жарысы өтті. Жарысқа қатысқан «Қазақ тұлпары» ЖШС-нің екі қостанай тұқымды айғыры 3 және 8 шақырым қашықтықтарда 3-ші және 1-ші орындарды иеленді.

Бәйгеге көршілес облыстардан келген асыл тұқымды сәйгүліктер де қатысты. Маусым басындағы жүлделі орындар ат зауытының оқу-жаттығу бөліміндегі жүйелі дайындықтың нәтижесі екенін көрсетеді.

«Ұзақ қашықтықтағы жеңіс – болашақта біздің басты ерекшелігіміз болмақ. Біз қысқа қашықтықта ағылшын немесе араб тұқымды жылқылардан асып түсуді мақсат етпейміз. Біздің міндетіміз – қостанай тұқымды жылқылардың конституциясын (генетикасын) аламан бәйге мен түркі халықтарының ұлттық спорт түрлеріне бейімдеп нығайту, олардың сыртқы келбетін сақтай отырып дамыту», – деді «Қазақ тұлпары» ЖШС Басқарма төрағасы Самат Қалиев.

Айта кетейік, ҰАҒББО ғалымдары қостанай тұқымды жылқыларды көбейту және дамыту бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде.

Сәйкес жаңалықтар

Балалардың онлайн-қауіпсіздігі – олардың бүгінгі және болашақтағы құқықтарын қорғау

Қызылорда облысында фермерлермен өткен кездесуде Қанат Бозымбаев келесі жылдың вегетациялық кезеңінің тәуекелдерін талқылады

Алматыда заңсыз салынған нысан бұзылады