Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Заң мен тәртіп

ҰҚК «қызметкері» 6 млн теңге пара алып жатқан жерінде ұсталды

фото: Halyq Uni

Түркістан облысында өзін жұртқа ҰҚК қызметкерімін деп таныстырып, Экономикалық тергеу департаменті және ҰҚК-дегі тексеру жұмыстарын тоқтатамыз деген желеумен пара беруге итермелеген әйел ұсталды.

Ол 6 миллион теңге алып жатқан жерінде қолға түскен. Қылмыскерді құрықтауға Қаржы мониторингі агенттігінің, облыстық прокуратураның және Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері қатысты.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.

Сәйкес жаңалықтар

Астана қаласы прокуратурасының үйлестіруімен алаяқтардың әрекеттеріне тоқтау салынды

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп танылды

15 тәулікке қамалған Қайрат Нұртасты шығарып алуға бір топ адам жиналды (ВИДЕО)